Жетісу облысында 130 мың тоннаға жуық ет өндіріледі

Жетісу облысының Қаратал ауданында бес жүз бас ірі қара өсіріп бордақылайтын кешен ашылды.

Шаруашылық Солтүстік Қазақстан облысынан қазақтың ақбас сиырларын жеткізді. Келешекте Зеңгі баба төлін көбейтіп, отандық нарыққа және шетелге ет экспорттау жоспарда бар.

Жаңадан құрылған шаруашылыққа ардагер боксшы Михаил Юрченко жетекшілік етеді. Ол қысы қатты, жазы ыстық болатын аймақ үшін қазақтың ақбас сиырлары арнайы таңдап алынды,-дейді. Себебі асыл тұқымды ірі қараға жылы қора қажет емес. Жем-шөбі жеткілікті болса қоршаудың ішінде-ақ өсе береді. Қыркүйек айында әкелінген Зеңгі баба төлі қазір жерсіндіріліп жатыр.

Михаил Юрченко, шаруашылық директоры:

- Алдағы қыс қалай болатынын байқап көреміз. Бәрі ойдағыдай өтсе, келесі жылы бұқаларды сата бастаймыз. Әрқайсысы 900 келі тартады деп жоспарлап отырмыз. Сол үшін мамандармен азықтық рационын әзірледік. Келешекте мал басын арттырып 4-5 мың басқа жеткіземіз. Қазір жайылым және егістік жер алу мәселесінің шешілуін күтіп отырмыз.

2019 жылдан бері Қаратал ауданында төрт-түлікті өсіретін алты қожалық құрылды. Сөйтіп мал шаруашылығымен айналысатын серіктестіктер саны  380-ге жетті.

Қаныбек Намазбаев, Қаратал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Екі шаруашылық ашылмақшы. 2024 жылға жоспарлап отырмыз. Осы жылы бизнесплан жоспарларын толық аяқтау керек. 2810  Келесі жылғы межеміз 12 мың тоннаның мөлшерінде ет болады. Биылғымен салыстырғанда 120 пайызға көтеріледі ғой.

Жетісу облысында мал шаруашылығына арналған 75 кешен жұмыс істейді. Онда 29 мың бас ірі қара бордақыланып жатыр. Өңірде жыл соңына дейін  130 мы

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев