Қарағанды облысының шалғайдағы мектептері замануи зертханалармен қамтылады
ІТ-мамандар қымбат құрал-жабдықты жасанды интелектпен алмастыратын бағдарлама ойлап тапты.
Интерактивті мұғалім 14 білім бағдарламасын 6 тілде еркін түсіндіреді. Жастар облыс әкімінің грантын алғаннан кейін ерекше бағдарлама жасаған.
Виртуалды білім берудің негізі мына көзілдірікте. Оның жадына барлық пәннің бағдарламасына сай ақпарат енгізілген. Оны пайдалану үшін ғаламтордың да қажеті жоқ. Жобаға қазір елдегі 3 ЖОО-мен 30-ға жуық орта мектепке енгізіліп жатыр. Болашақта бұл білікті кадр аз, интернет байланысы жоқ жерлердегі білім нысандарына нағыз көмекші боламақ.
Әділ Хамит, ІТ компанияның негізін қалаушы:
- 8 мыңнан астам виртуалды лабараториялар бар. Химия, физика, биологияға арналған. Және ағылшын тілінен осындай контенттерді салып өткізіп жатырмыз. Интернетсіз де жұмыс жасай алады бұл жерде барлығы шлемнің ішіне орнатылған. Ноутбук, компьютер, телефон сияқты әр-түрлі жерлерге шығаруға болады.
Қарағанды облысында облыс әкімінің грантына өтініш қабылдау аяқталды. Желтоқсанда тағы 50 жастың жобасына 2 млн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі. Комиссия әр бастаманың өміршеңдігін, өзектілігін мұқият қарайды. «Жалпы ісін бастаймын деген жастарға аудан мен қалаларда қолдау табылады»,- дейді жастар саясаты мәселелері жөніндегі мамандар.
Ұлан Омаров, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы:
- Мобильді қосымшадан бастап, кез-келген сектор: ауыл шаруашылығы болсын, тамақтандыру, білім беру, қызмет көрсету медицина және басқада саланы қамтитын 700-ден астам жобалар бар 18-ден 35 жастағы азаматтарымыз, облыс тұрғындары осы бағдарламаға қатыса алады.
Бүгінгі күні Қарағанды облысында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған грантты иеленген 700-ге жуық кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Олардың жобасы экономиканың әр секторын қамтиды. Соңғы екі жылдан бері грант көлемі 2 млн.теңгеге дейін ұлғайтылды.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар