Петропавлдың аумағы 230 гектарға ұлғаюы мүмкін

Жергілікті биліктің бастамасымен «Қызылжар» және «Соколов» орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне тиесілі жер учаскелері қала меншігіне өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін барлық құжат жиналып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілді.  Мәселе әзірге талқыланып жатыр.

Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Бүгінде қала бойынша орман шаруашылығына қарасты жер учаскелері бар. Ол жерлер 70-90 жылдары тұрғындарға берілген болатын. Бірақ заң бойынша  орман шаруашылығындағы жерлерде ешқандай құрылыс нысандары болмауы қажет. Сондықтан да мемлекеттік акт оларға берілмейді. Сол себепті де бұл мәселе қаралып жатыр.