Алматыда XІ халықаралық полиграфия және кітап көрмесі өтіп жатыр
Биыл Мәскеу үкіметінің Баспа бағдарламасы көрменің құрметті қонағы болды.
Олар ұсынған шығармалардың мазмұны сан алуан. Әсіресе тарих, мәдениет, белгілі тұлғалар мен маңызды оқиғалар кеңінен қамтылған. Көрмеде алғаш рет қазіргі орыс тілді жазушылардың қазақ тіліне аударған прозалық жинағының 1–ші томы таныстырылды. Іс-шараға өз елімізбен қоса, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжанның жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханаларының өкілдері қатысты. Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Арман Жүдебаев кітаптың адам өмірінде жалпы қоғамдағы алатын орнының ерекше екенін атап өтті. Меймандар баспалардың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Ержан Алаштуған, ақын, аудармашы:
- ТМД елдерінің 11 мемлекеттің заманауй әдебиеті деген 3 томдық антология жасадық. 20-шы жасалған жоба бұл. Біздің ресейлік әріптестеріміз Ресей Жазушылар Одағы қауымдастығы және Біріккен гуманитарлық баспаның ұсынысымен қазіргі уақытта Қазақстаннан 7 прозаик, 20 ақын және 7 балалар жазушысы қамтылып отыр. Осы үш томдық поэзия, проза, балалар әдебиеті деген. Осыған кірді толық тиражы шығып болды.
Елена Козакова, Мәскеу қ. БАҚ және жарнама департаментінің өкілі:
- Біз баспа бағдарламасының ең үздік үлгілерін әкелдік. Мұның бәрі отыз жыл бойы жиналған. Барлығын сіздердің қорға тапсырамыз. Алдағы уақытта Мәскеу үкіметі Қазақстанмен бұл салада ынтымақтастықты жалғастырады.