Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл
Биыл қазақ руханиятының темірқазығы - Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл.
Қаламы қарымды сыншы, «Темір-Нарком» атанған Жүргеновтың есімі тек қазаққа ғана емес, тұтас түркі жұртына мәлім. Сондықтан, ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен биыл Түркі әлемінде Жүргенов жылы болып жарияланды. Осы ретте, Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада дөңгелек үстел өтті. Шара мақсаты – қазақ мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында жаңғырту, ғибратты ғұмыр жолынан танымдық мәліметтер ұсыну. «Ол тәуелсіздігімізге жол салушы, соның себепкері деуге негіз бар», - дейді Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәби Аңсат. "Өйткені ол 1936 жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігін өткізіп, қазақтың өркениетті халық екенін дәлелдеген".
Сәби Аңсат, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы:
- Советтік кезеңде қазақ ұлты өзге ұлттармен салыстырғанла ең надан, ең жалқау ең лас халық. 31-33 жылдардағы ашаршалықта қазақ өзінің жалқаулығынан, кәсіпсіздігінен, ластығынан қырылды. Үкіметтің, биліктің ешқандай кінәсі жоқ деген жаман ұстаным қалыптасқан-тұғын. Сол онкүндікті өткізу арқылы Жүргенов қолбасшы болып, қазақ деген ұлт барын, рухының өлмегенін, білімінің тереңіне бойлаған, ол өнердің биік шыңында екенін дәлелдеп, КСРО елдерінің ішінде кем еместігін дәлелдеген.