Шымкентте «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды
Шымкенттік дәрігерлер жаңа әдістеме бойынша қызмет көрсетуге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған орай 4 емдеу мекемесінде «Үздік тәжірибелік орталықтары» құрылды. Енді тұрғындар медициналық қызметпен қатар әлеуметтік көмекті бір жерден алады. Мамандар дұрыс тамақтануды үйретіп, алкогольді ішімдіктен арылуға көмектеседі. Сонымен бірге психологиялық қолдау мен отбасыдағы зорлық-зомбылықты болдырмау жолдарын бірлесіп қарастырады. Емханаға тіркелгендер үшін «Халық кеңесі» мен «Ұйымдастыру комитеттері» жұмыс істейді.
Жалпы қалада амбулаториялық деңгейде 53 медициналық ұйым бар. Жаңа әдістеме алдағы уақытта басқа да емханаларда пайда болады.
Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Әлеуметтік жұмысшылар, психологтар, одан бөлек, біздің дәрігерлеріміз – невропатолог, гинекологтар бәрін қосып, мультидисциплинарлық топ құрып жатырмыз. Айналып келгенде, біз сол көрсететін қызметтерді күшейте түсеміз.