Павлодар облысында 544 сәби ерекше күтімге алынды

Павлодар облысында дүниеге келген нәрестелердің 10%-і шала туады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мәселен, жыл басынан бері 8300 сәби туса, олардың 544-і – шала туған шақалақ. Мамандардың айтуынша, бүгінде салмағы 1500 келіге дейінгі нәрестелерді өмірін сақтап қалуға болады.

Одан бөлек, ай-күні толмай туған балаларды скринингтік тексеруден өткізу оң жолға қойылды. Жыл басынан бері сәбилер арасында жиі кездесетін күрделі патологиялар бойынша 11 операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық шаралар ерте кезеңде жүзеге асырылса, сырқаттан айығып кету мүмкіндігі жоғары.

Жаңылай Қапанова, облыстың штаттан тыс бас неонатологы:

- Соңғы 5 жыл бойы неонатология қызметінде катамнез кабинеті жұмыс істейді. Шала туған немесе күрделі операция жасалған нәрестелер бір жыл бойы дәрігерлердің қарауында болады. Яғни, балалар біздің жіті бақылауымызда. Бір жыл өткен соң тұрғылықты жері бойынша емханаларға тіркеліп, сондағы мамандардың көмегіне жүгінеді.