Алатау үлгілі шаһарға айналмақ

Жаңа Алатау қаласын дамыту Қытай және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Кеңесте Алматы және Қонаев қалаларының арасында Алатау шаһарының құрылысы жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Шаһар жоспарға сәйкес отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Халықаралық бизнес-хабқа айналуы тиіс. Бұл ретте Дубай, Сингапур, Тяньцзинь сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесі негізге алынбақ. Үкімет басшысы, жобаны іске асыру кезінде халықаралық тәжірибені ескеріп, тиімділігі жоғары шараларды қолдану қажеттігін атап өтті.