Жас сарбаздар ант берді
Әскери ант беру салтанаты – ерекше жауынгерлік рәсімдердің бірі.
Бүгін Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштерінің жас сарбаздары отан алдындағы борыштарын адал атқаруға ант берді. Жиынға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері сондай-ақ ішкі әскер ардагерлері және сарбаздардың туған-туыстары қатысты.
Айбын Президенттік полкі 01 де 12 әскери бөлімі – Қазақстан Республикасы жоғарғы тұлғаларының қауіпсіздігін және маңызды мемлекеттік нысандарды қорғауды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым. Айрықша мақсаттағы құрам қатарына жеке қасиеттер тұрғысынан үздік жастар ғана алынады. Солардың бірі қатардағы жауынгер Қағылез Серікнұр.
Қағлез Серікнұр, жас сарбаз:
- Бүгінде міне әскери ант қабылдап, осы әскери өімрге жаңа қадам басып, Отан алдымыздағы борышымызды, ер-азаматқа тән борышымызды өтеуге келген жайымыз бар. Көбісі ойлайды мемлекеттік күзет қызметіне түсу қиын деп. Жоқ ешқандай қиындығы жоқ. Әрине белгілі бір критерийлер бар; спорттағы жетістіктері болса, жоғарғы оқу орнын бітірсе көп басымдылық беріледі.
Серікнұр Әбдірахманов, Қағлез Серікнұрдың әкесі:
- Мен ұлым Қағлездің Отан алдындағы борышын өтеп жатқанына мақтаныш сезінемін. Жас жауынгерлер Отан алдындағы борышын адал орындауға үміт етемін. Мен осы сәтті мақтаныш тұтамын. Әр азаматтың Қазақстанды қорғауы міндетті.
Алматы қаласында да айрықша мақсаттағы күштердің 01 де 11 «Батыр» президенттік полкі сарбаздары ант берді. Аталған қызмет қатарына еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180 см-ден жоғары және 195 см-ден аспайтын, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы кез келген азаматы қосыла алады. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разрядтары бар үміткерлерге басымдық беріледі.
Еркін Төлемісов, Батыр президенттік полкінің басқарма бастығы:
- Бүгін 100 адамнан астам әскери ант қабылдады.Еліміздің әр аймағынан ата-аналары, жақындары келіп тұр. Балалардың көңіл күйлері өте жақсы. Олар осы әскери ант қабылдау алдында 1 ай көлемінде жас сарбаз курсын өтті барлықтары.
Нұрсұлтан Ержанов, жас сарбаз:
- Волейболдан жоғарғы лиға ойыншысы болып саналамын. 2023 жылы күз мезгілінде әскерге шақырылған болатынмын. Соңғы жылдары мен өзімнің әскери борышымды мемлекеттік күзет қызметінде атқарғым келген болатын. Қазіргі танда сіздерге орай, бүгін әскери антты қабылдап, мемлекеттік күзет қызметінде яғни айрықша мақсаттағы күштерде өзімнің Отан алдындағы борышымды өтеуге келіп тұрмын.
Шекарасы берік елдің болашағы қуатты. Сіз бен біздің амандығымыз үшін білікті мамандар қас қақпай қызмет етеді. Дархан даламызды қорғау айбынды армиямыздың айнымас міндеті.
Авторлары: Әлішер Әли, Нұрғали Мамырбаев