«Хабар» арнасы жылдың басты жекпе-жектерінің бірін көрсетеді
Алдағы жексенбі күні Америка төрінде орта салмақтың қос мықтысы Дэвид Бенавидес пен Деметриус Андраде жекпе-жек шығады.
Жеңгені WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа міндетті үміткер атанады.
Америкалық Дэвид Бенавидес пен Деметриус Андраде кездесуін көпшілік тағатсыздана күтіп жүр. Әсіресе қазақ жанкүйерлері үшін оның маңызы зор. Өйткені, дәл осы орта салмқата қос бірдей қазақ боксшысы бар. Яғни, Жәнібек Әлімханұлы мен Мейірім Нұрсұлтановтың кезекті қарсыласы атануы мүмкін.
Жандос Айтбайұлы, "Хабар" арнасы спорт бөлімінің басшысы:
- Дәл осындай тартысты кездесудің «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көрсету бұйыртып отыр. Жексенбі тағы 8-де біздің комментаторлар осы жекпе-жекті жүргізеді. Кездесудің тарысты өтеріне ешкім күмән келтіріп отырған жоқ. Тыңғылықты дайындық жүргізді. Бір-бірін әбден зерттеді.
Айта кетейік, Бенавидес пен Андраде дейін жеңіліп көрмеген. Небір азулы қарсыластарды ұтты. Сондықтан, Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде нақты мықты анықталады. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.
Дэвид Бенавидес, кәсіпқой боксшы:
- Жекпе-жекті уақтынынан бұрын аяқтауға тырысамын. Мен кез-келген адамды есеңгіретіп, нокаутқа жібере алатынымды білесіздер. Көрермендердің қалауы да осы. Сондықтан, ә дегеннен барымды салып, ұмытылмас шоу жасауға тырысамын.
Деметриус Андраде, кәсіпқой боксшы:
- Өте тарысты жекпе-жек болады. Мен бүгінге дейін ешкімге есе жіберген жоқпын. Осы дәрежемді алдағы уақытта сақтауға барымды салам. Өйткені, физикалық күшім де, кәсіпқой рингтегі тәжірибем де жеткілікті. Бокс кешінен кейін жаңа чемпионның есімін естисіздер.
«Хабар» арнасы негізгі жекпе-жектен бөлек, оған дейінгі кзедесулерді де тікедей эфирде көрсетеді. Ол жақта өте тартысты кездесулер өтеді деп жоспарланып отыр. Мәселен, Давид Бенавидес ағасы Хосе Бенавидес тағы бір америкалық Джермалл Чарломен жұдырықтасады.
Авторлары: Аслан Қаженов, Ырыстанбек Оспанов