БҚО-да электр желілері қалпына келтіріледі
Оралдың өз басы мен маңайдағы 7 ауданда 700-ге тарта отбасы жарықсыз отыр. Комуналдық қызмет үзілген электр желілерін қалпына келітріп жатқанын хабарлады.
Өңірде екі күн бойы ақтүтек боран соққан. Қазір қар толастағанмен кей жерде тұман бар. Air Astana әуе компаниясы да Орал қаласына бірқатар рейстердің тоқтатылғанын хабарлайды. Алматы-Орал бағытындағы ұшақ Атырау қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болған. Жалпы, облыста электр желілерінің 82 пайызы тозып тұр. Оларды жаңғырту жобасы өңірді дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына енгізілген.
Миржан Нұртазиев, облыстық энергетика ЖӘНЕ ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниямен жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 665 тұрғын жарықсыз отыр. Екі мыңға жуық шақырым электр желілерін ауыстыру қарастырылған. Қазіргі таңда ЖСҚ дайын. Бұл жұмыстарға 20 млрд тенге қарастырылуда жалпы бүкіл аудан бойынша. Бөлінген жағдайда желілердің тозуын 60 пайызға дейін түсіру жоспарлап отырмыз.