Ақмола облысында дәрігер тапшылығы шешіле бастады
Жыл басынан бері 130 жас маман жұмысқа қабылданса, оның 85-і ауылдық жерлерге орналасты.
Аймақтағы маман тапшылығы былтырмен салыстырғанда 22 проценткеге қысқарды. Жас дәрігерлерге қандай жағдай жасалды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Бұланды ауданында еңбек етіп жүрген жанның бірі – Нұржан Оңалбек. Жас маман Түркістан облысының тумасы. Ол жоғары оқу орнын тәмәмдап, еңбек жолын ауылдық жерден бастауға шешім қабылдайды. Құжатын тапсырып, жұмысқа орналасады.
Нұржан Оңалбек, дәрігер:
- Жас мамандарға міндетті түрде ауданда кем дегенде 3-5 жыл жұмыс жасау керек деп санаймын. Себебі ауданда ғана түрлі-түрлі жағдайлар кездестіріледі. Қазіргі уақытта аудандарда жас мамандар жетпеген себебінен әр аурухана өз жас мамандарына жағдай жасауға тырысады. Бұл жерде пәтерде бар, үлкен әріптестерден көмекте бар. Түрлі семинар, оқуға жібереді. Сол себепті ауылдан қорқудың ешқандай қажеті жоқ.
Аудандық ауруханада қазір 45 маман қызмет етеді. Бүгінде оның 12-сі зейнет жасында. Бұдан бөлек, 7 дәрігер жетіспейді. Қордаланған кадр тапшылығын шешу мақсатында аудандық қазынадан қаржы қарастырылып, жас мамандарға арнайы грант бөлінгеН.
Жанат Мусин, Бұланды аудандық ауруханасының бас дәрігері:
- Бес студент оқып жатыр, степендия алады. Оның ақшасын аудан төлейді. Биыл екі жас маман келді. Ол Никольско және Вознисенко ауылдарына келді. Қазір олар істеп жатыр. Бізге 50 млн.теңге бөлініп 2020 жылы біз соған 8 пәтер алдық. Қазір сол пәтерде біз жас мамандар тұрып жатыр.
Биыл жұмысқа қабылданған жас маманың бәрі әлеуметтік қолдауға ие болды. Соның ішінде алпысқа жуығы баспанамен қамтылды. Ал, алдағы жылдары жас дәрігерлерге көрсетілетін материалдық көмек тағы да артады.
Нұрлан Ақылбеков, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Жас мамандарға төленетін көтерме ақы көлемі ұлғайтылды. Атап айтсақ, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қызмет ететін мамандарға 1,5 миллион теңге бөлінсе, ауылдық жерлерде жұмыс жасайтындарға 2,5 миллион теңге беріледі. Алдағы уақытта шалғай ауылдарға баратын жас дәрігерлердің көтерме ақысын 5 млн.теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Қазіргі уақытта облыс әкімінің грантымен 85 болашақ маман білім алып жатыр. Студенттер оқуын тәмамдаған соң аймақта қызмет етуге міндеттеледі. Аталған шаралар нәтиже берсе, жергілікті билік өкілдері алдағы 2-3 жылда кадр тапшылығын толығымен шешеміз,- деп сендіріп отыр.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко