«Дарбаза – Мақтаарал» теміржол құрылысы басталды
Түркістан облысында Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.
152 шақырымға созылатын теміржол құрылысының ресми басталуына телекөпір режимінде өтті. Оған Премьер-Министр Әлихан Смайылов қатысты. Құрылысты жүргізу үшін 3 400 жұмыс орны құрылады. Жоба аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасында жаңа өткізу бекеті ашылады. Осылайша, қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүктерді жаңа тармаққа бағдарлап, Сарыағаш станциясының жүктемесі азайтылады. Мұндай шаралар Өзбекстан бағытына экспорт тасымалын ұлғайтуға сеп болмақ. Бұдан бөлек, жоба Түркістан облысын республиканың негізгі теміржол желісіне қосуға мүмкіндік береді. Құрылысы екі кезеңге бөлінген желіге 20 мың тоннаға жуық рельс, 280 мың темірбетон шпал мен рельс бекіткіш қолданылады. Ондағы отандық өнім үлесі 85%-ды құрайды.