Көкшетауда балабақшаларға сатып алынған биометриялық табельдер толық іске қосылмаған

Көкшетауда балабақшалар үшін 76 миллион теңгеге сатып алынған биометриялық табельдер әлі толық іске қосылған жоқ.

Заманауи құрылғылар 18 мемлекеттік балабақшаның тек жартысына ғана орнатылған. Кей мекемеде жұмыс енді басталып жатыр. Биометриялық табельдер бөгде адамның балабақшаға кіруіне жол бермейді. Тіпті баласын әкелген ата-ананың да сұлбасы биометриялық тексерістен өтеді. Қалалық білім бөлімінің өкілдері, қалған 9 балабақшаға қажетті құрылғылар жыл соңына дейін орнатылып, іске қосылады деп отыр.

Нәжмиден Нұралин, білім бөлімінің меңгерушісі:

- Әр балабақшаның өзінің бухгалтериясы бар. Ол кісілер жеке конкурстарды ұйымдастырады. Қай балалабақшада қай мерзім шықты сол бойынша жұмыс жасайды. Мысалы, бір балабақшада бір конкурс болмай қалып, оны тағы да қайтадан конкурс жариялайды. Сондықтан бір балақшада ертерек, бір балабақша кеш жұмыстар жүргізілуде. Қараша, желтоқсан айында толық жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.