ШҚО-да құтқарушылардың қысқа дайындығы тексерілді
Шығысқазақстандық құтқарушылар қысқа дайындықты күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар ең алдымен Шерп көлігін және батпақта жүруге арналған арнайы техниканы сынақтан өткізді. Осы транспорт түрлерімен омбы қарға батып, жолда қалғандарды эвакуациялау әдісін көрсетті. Ал сүңгуірлер әдеттегідей ең қиын тапсырманы орындады. Оларға қақаған аязға қарамастан мұз астына кеткен көлікті табу міндеті жүктелді. Кинологтар да жаттығудан тыс қалған жоқ. Мұндай оқу-жаттығу күнде өткізілсе де артық емес, - дейді мамандар. Өйткені өлкеде қыс ұзақ әрі құтқару операциясы жиі болады. Былтыр 55 рет дауылды ескерту жарияланған еді.
Ерғали Бахаев, ШҚО ТЖД бастығы:
- Біздің Шығыс Қазақстан обоысының өте суық болғаны, қардың көп болуына байланысты жылда жолдарда қалған 100-ден аса, 150-200-ге жуық адамды құтқарып, онымен қоса 100-ден аса қар жиындыларын түсіріп, адамдарға көмектескенбіз. Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша, жалпы күштер мен құралдардың дайын екенін айтуға болады.