Ақмола облысында қызылша ауруы өршіп барады
Әсіресе, соңғы екі айда дертке шалдыққандар қатары көбейді.
Мәселен, өткен айда 23 науқас тіркелсе, осы айда үш есеге өсіп ауырғандар саны 85-ке жетіп отыр. Жалпы жыл басынан бері аймақта 206 адамнан осы дерттің белгісі анықталып, соның 139-ы лабораториялық тұрғыда расталды. Ауруды жұқтырғандардың көбісі түрлі себептермен екпе алмағандар. Сондықтан мамандар ауыл аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әзірге облыстың емдеу мекелерінде 11 мың доза вакцина бар. Алдағы айда тағы 45 мыңнан астам вакицина жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Айнагүл Мусина, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Қазіргі уақытта старционарда 27 науқас ем алып жатыр. Ал, 44 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның 24-і бала. Науқастардың жағдайы тұрақты. Тәулігіне қызылша дертімен 3-5 науқасқа дейін жүгінеді. Сондықтан дертке қарсы екпе егу қажет. Бірақ бүгінде екпеден бас тартып ата-ана көп. Қазіргі мәліметке сәйкес, ауырған балалардың 44 пайызы вакцина алмағаны анықталды.