Жоғарғы Сотта зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату ұсынылды
Жоғарғы Сотта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату ұсынылды.
Отбасылық мәселелерге арналған кеңесте тәртіп бұзушы бірінші ескерту алған жағдайда 20 тәулікке қамалады. Егер жағдай қайталанса ол мерзім 45 тәулікке созылуы мүмкін. Олармен психолог мамандар жұмыс істейді. Қоғамдық жұмыстарға тарту да көзделген. Жиында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда ғылыми көзқарас қалыптастыру жайы сөз болды. Яғни осы құқық бұзушылықтарды толығымен зерттеу үшін криминология саласын жандандыру қажеттілігі айтылды.
Әбдірашид Жүкенов, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
- Сіздер білесіздер бірінші шілдеден бастап заң өзгертілді. Ол енді ұзартылды бірақ ол да аз деп ойлаймын. Осы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қамауды көбейту керек. Бүгін 30 күнге дейін қамауға алуға болады жалпы. Оны одан да көбейтуге болады. Одан кейін қоғамдық жұмыс дейді соны кіргізу керек.