Дариға Бадықова продюсерлік еткен фильм прокатқа шығады
Көрерменге «Келінжан» телехикаясы арқылы кеңінен танылған актриса Дариға Бадықованың төл туындысы үлкен экранға шығады.
"Таптым-ау сені" деп аталатын комедия актрисаның кинодағы продюсерлік дебюты. Фильм бірінші желтоқсаннан бастап көрсетіледі.
Көрерменге "Айсара" атымен етене таныс актриса Дариға Бадықованың бұл жолғы образы мүлдем басқа. "Таптым-ау сені" фильмінде актриса Сәуле атты еркекшора қыздың рөлін ойнайды. Жаңа кейіпкерді ашу үшін мотоцикл айдауды үйреніп, жүрісі мен сөйлеу манерін де өзгерткен.
Дариға Бадықова, актриса, продюсер:
- Осы жеті жылдықта тек қана Айсара болып аталғандықтан бұл образды әртіс ретінде жасағым келді. 00/36- Жүрек салынған фильм деп ойлаймын. Әрбір осы топтың, оператордың, сценаристердің жүрегі бар бұл фильмде. Сол себептен бұл фильмде өмір бар, жан бар.
90 минуттық картина Алматы облысының Таутүрген ауылында 1 айдан аса түсірілген. Режиссер Ануар Матжановтың айтуынша, түсірілімнің алғашқы үш күні қиын болыпты. Тіпті бір сахнаны ойдағыдай таспалау үшін 200 рет дубль жасаған.
Әнуар Матжанов, режиссёр:
- Бірінші, екінші күні актерлерге өте қиын болды. Себебі, Дариға ондай рөлді ойнап көрмеген, Олжас Абай да ондай рөл ойнап көрмеген. Сондықтан үшінші күнгі сьемкаға мүмкіндігінше еркіндік бердік екеуіне. Өз-өздеріңді іздеп, өздеріңді табасыңдар, содан кейін ғана түсіреміз деп. Сөйтіп екеуі қырылысып жүріп тапты.
Фильм Сәуле мен Жексен атты бала кезден бірге өскен достар туралы. Еркекшора кейіпкер сүрбойдақ досына қалыңдық іздеуге көмектеседі. Алайда достардың жүрек қалауы оқиғаны басқа арнаға бұрады. "Таптым-ау сені" фильмі Kinopark және Kinoplexx кинотеатрларында 1 желтоқсаннан бастап көрсетіледі.
Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев