Қарағанды облысының әкімі халықпен кездесті

Қарағанды облысының тұрғындарын сапалы медициналық қызмет, білім беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер алаңдатады.

Өңір әкімі Ермағамбет Бөлекпаевтың халықпен кездесуі кезінде осыған қатысты біраз сауал қойылды. Биыл облыста халықпен кездесудің жаңа форматы енгізілді. Жыл басынан бері 8 мыңнан тұрғын өзін толғандырған мәселені басшыларға тікелей жеткізді.

Қарағанды қаласындағы жеке сектор тұрғындары көшемізді жарықтандырып берсе -дейді. Себебі кешқұрым мектептен қайтатын балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды.   Берден Башаров облыс әкімінің халықпен кездесуіне осы мәселені айта келген.     

Берден Башаров, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Негізгі проблема мен осы көшеде тұрғалы 15 жыл болды. Мусор, свет, түнгі освищение талдары кесілмеген. Светті 3 жыл бұрын бастаған, бірақ мердігерлер толық аяқтамай тастап кетті. Оны қалай қабылдап алғаны белгісіз шаруа. Қазір мұнда 15 адам қол қойған. 30 адам обращенгие жасағанбыз.

Облыста халықты бірыңғай қабылдау үрдіске айналды. Мұнда модератор келген адамдардың сауалына сай электронды кезекке қойып, тиісті басқарма басшысына немесе облыс әкіміне жолдайды. Нәтижесінде бұрынғыдай ұзынсонар кезек жоқ. Тұрғындардың көбі өзін толғандырған сауалға жауап алып үлгерді.

Айнұр Досжанова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Былтыр жаңа брусчатка салған, биыл жаз бойы ол жерді қазды, қазды, брусчатканың бәрін бұзып тастады. Өте жақсы, халыққа ыңғайлы, әркім өз шеше алмай жүрген сұрағын басшының алдына келіп айтады. Шешіліп жатса оданда керемет.

Бұл облыс орталығындағы екінші рет кездесу. Облыс әкімі келер жылдан бастап әр шағын аудан тұрғындарымен де жеке кездесуді жоспарлап отыр. Себебі осыған дейін аудан-қалаларды айтпағанда, ірі кент тұрғындарымен кездескен ол халық тарапынан көтерілетін мәселелердің жалпыға ортақ екенін айтады.

Ермағамбет Бөлекпаев, облыс әкімі:

- Бірінші ЖКХ, үй мәселесі, жұмыс бар өзінің жеке мәселелері бар білім саласында тағы басқа мәселелер бар. Бабымен шешілгендері де бар. Кейбір шешімдерге уақыт керек, қаражат керек. Осындай ыорматты біз әдейі алдық. Халыққа тез арада өзім жалғыз емес, басқарма басшылары, полиция бар басқада структуралар отыр. Оларда кісілерді қабылдайды. Енді осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз.

Ал облыс көлемінде жыл басынан бері жаңа форматтағы халықпен кездесу 25 рет өтті. Оған 8 мыңнан адам қатысты. Облыс әкімінің жеке өзіне 500-ге жуық сауал түскен. Көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайды-дейді өңір басшысы.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар