Жетісуда сегіз ауылдық округтің әкімі жайылым тапшылығын қолдан жасаған
Жетісу облысындағы сегіз ауылдық округтің әкімі жайылым тапшылығын қолдан жасаған.
Олар өздеріне тиесілі елді мекендегі мал басын нақты санынан әлдеқайда асырып тіркеген. Сол арқылы жергілікті тұрғындардың төрт-түлігіне қосымша өріс қажет деп көрсеткен. Статистикалық мәліметтің бұрмаланғанын прокурорлар анықтады. Олқылыққа жол берген Кербұлақ ауданына қарасты Сарыбастау, Шұбар, Жоламан, Алтынемел сынды ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Лейлім Әбілмәжінова, облыс прокурорының көмекшісі:
- Ауылдық округ әкімдері 215 мың гектар жайылым жер қажеттігін көрсетті. Ал прокурорлық қадағалау нәтижесінде 140 мың гектар жер жеткілікті деп танылды. Яғни 75 мың гектар жер артық екені анықталды.