ШҚО-да шаңғы тебу маусымы басталды
Шығыс Қазақстан облысында тауда шаңғы тебу маусымы ашылды.
Өскеменде әзірге қар жоқ. Бірақ облыс орталығынан 20 шақырым жердегі Глубокое ауданында тау шаңғы курорты жұмысын бастады. Алтайдың тау сілемдеріндегі маусымашарға екі мыңнан астам адам қатысты. Жалпы мұндағы аспалы жолдар арқылы күніне алты мыңға дейін адам тауға шыға алады. Өңірде қысқы туризм дамып келеді. Жаңа қонақ үйдің құрылысы бітуге жақын. Биыл тау шаңғы курорты жылдағыдан үш аптаға кеш ашылып отыр.
Александр Гончаренко, тау-шаңғы курортының жетекшісі:
«Біздің кешен ашылмайынша спорттық мектептер, оның ішінде фристайл, могул, слалом сынды қысқы спорт түрімен шұғылданушылар дұрыс жаттыға алмайды. Біз ашылдық. Қазіргі уақытта спортшылар шаңғыларына мініп, жарысқа дайындалып жатыр».