Бұқтырма көпірі республикалық теңгерімге өтті

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма көпірі республикалық теңгерімге өтті.

Бұдан былай жобаны қаржыландыру процесі кедергісіз жүреді. Осыған дейін көпір құрылысының құны бастапқыдан екі есе қымбаттап, 61 миллиард теңгеге жеткен. Облыстық бюджеттен қосымша қаржы қарастыру заңға қайшы болғандықтан, нысанды салу біршама баяулап қалды. Енді бұл көпір автомобиль жолдары Комитетінің қарамағында болады. Оның құрылысына  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жауапты. «Қазір жұмыс қарқыны күшейді», - дейді мамандар. Гидрологиялық құрылғының 11 тірегі тұрғызылды. Келер жылы желтоқсанда көп күткен көпір сынақ режимінде іске қосылуы мүмкін.

Бағдат  Садықов «ҚазАвтоЖол» ҰК ОФ директорының м.а:
- Биылға қаржы қаражат бойынша 3 миллиард бөлінді. Жыл аяғына дейін 2 миллиард бөлінеді. Жұмыстар жүріп жатыр. Ешқандай тоқтау болған жоқ. 2024 жылы бітіруге жоспарға қойып жатырмыз.

Саяхат Мұсапыров «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» бөлім басшысы:
- Тапсырыс беруші тарапынан және филиал тарапынан жоспарлы кесте құрылады бізде. Биыл 8 рет тексерсек, келесіде 2-3 есе көбірек тексеріледі. Өйткені жұмыс қарқыны күшейген сайын, сапасына да мән берілу керек.