Қысқы дөңгелек қауіптен сақтайды

Бүгіннен бастап көлік дөңгелектері қысқы маусымға сай келмеген жүргізушілер 17 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.

Жағдай қайталанса, бұл сома екі еселенеді. Қазір Астана полиция департаментінің мамандары қала көшелерінде тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жол сақшылары, дөңгелек бүр-табанының бар-жоғын анықтау мақсатында көліктерді себепсіз тоқтата алмайды. Назарға тек жол қозғалысы ережесін бұзғандар ғана ілігеді. Бір айта кетерлігі, көліктердің 4 дөңгелегі де, қысқы маусымға сай болуы керек. Жалпы жыл басынан бері, бас шаһарда 638 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 700 адам зардап шегіп, 30 адам қайтыс болды.

Мұрат Сәрсенбеков, қалалық Полиция департаменті басқармасының аға инспекторы:

- Ауа райының қолайсыздығына қарамай, көлігін жазғы доңғалақпен меңгергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қауіпсіздікті нығайту мақсатында ағымдағы жылдың басынан 161 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.