Елордада «Ұлттық ректорлар мектебі» форумы өтті
Отандық жоғары оқу орындары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, басқарудың жаңа моделіне көшуі қажет.
Себебі, университет бағдарламалары жаңа мамандықтардың сұранысына сай емес. Елордада өткен «Ұлттық ректорлар мектебі» форумында сарапшылар осылай деді. Жиында университетті басқарудың жаңа үлгілері талқыланды. Сондай-ақ, салаға жасанды интеллектіні енгізу, робот-педагогтардың пайда болуы қаралды. Спикерлер түбегейлі өзгеріс қажет екендігін айтып отыр. Әсіресе оқыту әдістемесі, бакалавриат мерзімін өзгерту және оқу процесіне көбірек тәжірибе қосу қажет.
Бибигүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жасанды интелект дамып жатқан заманда дәл осы ЖОО қажеттілігінің артуы олардың технологиялық жабдықталуы мен осы заман өзгерісіне әлесе алуына байланысты. Білім саласындағы негізгі іргетасы болатын заңдарды өзгертуіміз керек. Заманауи заңдар білім саласын одан сайын жақсы дамуына мүмкіндік беру керек. Сондықтан жиында тың ұсыныстар мен идеялар күтемін.
Рахман Алшанов, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:
- Көп өзгерістер болып жатыр. Саяси өзгерістер, технологиялық, ғылым-білім, өндіріс жағынан жан-жақты өзгерістер. Соған байланысты маман дайындау оңай болып жатқан жоқ. Күнде өзгеріс енгізу керек. Бір жағынан тұрақтылық болуы керек, бір жағынан өзгеріс болу керек. Соған ректорлар өздері сай болуы керек. Жаңа бағдарлама. Жұмыс берушілер профстандарт дайындаймыз деп жатыр.