Қонаев пен Алматыда «G4 City» жобасы қолға алынды
Қонаев және Алматы қалаларының арасында «G4 City» жобасы қайта қолға алынды.
"Бұл бағытта арнайы экономикалық аймақ құрылып, ол «G4 City» қаласымен Қонаевтың бір бөлігін қамтиды. "Жаңа шаһарға 4 трлн теңгеге жуық инвестиция тарту, сондай-ақ 34 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр» дейді аймақ басшысы. 2050 жылға қарай онда 2 миллионнан астам адам тұрады деген болжам бар.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Нақты «G4 City» қаласына келетін болсақ, бүгінгі таңда бұл жобаның Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының аумағын қаммтуы инвесторларға қолайсыздық туғызуда. Сондықтан Президенттің тапсырмасына орай «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінеді.