Қазақстанда әкімшілік соттардың іске қосылғанына 2,5 жыл өтті
Бұған дейін жеке тұлғалар мен бизнес өкілдері мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін сот үкімімен келіспей, қайта қаратқан жағдайда арыздардың тек 15 пайызы қанағаттандырылатын.
Бүгінде бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін өсті. Мұның бәрі әкімшілік соттар атқаратын жұмыстың нәтижесі. Дегенмен, даулы мәселеге қатысты тергеуде, әлі де олқылықтар орын алады. Мұндай мәселелер әкімшілік әділет жөніндегі дисскусиялық клубтың отырыстарында жіті талқыланады. Бүгін клубтың төртінші отырысы өтті. Жиын бәсекелестікті қорғаудағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасына арналды. Дискуссияға Жоғарғы Сот, Астана қаласы соты әкімшілік сотының судьялары, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшылығы, мүдделі топтың өкілдері қатысты.
Айбек Амангелдин, қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
- Бұл енді біріншіден монополияға қарсы органдардың әртүрлі компанияларға, мысалы тауар, қызмет көрсететін компанияларға, өз қызметтеріне, баға көтеруі. Соның негізділігі, заңдылығы, соның рәсімдері қаралады. Яғни, қандай да бір рәсімде кемшщіліктер болса талқыланып, тиісті ұсынымдар ұсынылады.