Елордада дүниежүзілік мүгедектер күні қарсаңында ерекше шара өтті

Адамдар көздерің тұмшалап боулинг ойнады.

Осылайша олар мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан көп нəрсе келетіндігін көрсетіп, оларға қолдау білдірді. Бүгінде әлемде "экстрабилділік" қозғалысы қанат жайып келеді. Бұл ерекше жандардың бойындағы таланты мен қарім-қабілетін шыңдауды көздейтін ерекше бастама. Ұйымдастырушылар осындай игі істерді біздің елде де кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.

Мұрат Әбдімомынов, "Жас мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Инклюзияның даму бағыттарының бірі экстрабилділік болып табылады. Яғни, сау адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды бір ортаға жинап бойындағы жаңа қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу. Адамдар көздерін жұмғанда сезімталдығы, есту және сезу қабілеттері бес есе артады. Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің бойындағы бар қабілеттерін біле бермейді. Бұл ойын  еліміз де алғаш рет болып жатыр. Біз бұны әрі қарай дамыту үшін барымызды саламыз.