Қазақстанда 240 мың волонтер бар
Елдегі еріктілер қозғалысының қатары жыл сайын толыға түсуде.
Бүгінде аймақтарда 20 фронт кеңселер жұмыс істейді. Биыл онда 10 мыңнан астам волонтер арнайы оқытудан өткен. Ал «Қазволонтер» платформасында 70 мың адам тіркеліп, 72 жобаны жүзеге асырған. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесін бірқатар Орта Азия елдері қабылдауға ниетті. Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында өткен форумда еліміздің еріктілер қозғалысын дамытудағы тәжірибесі талқыланды. Жиынға көрші мемлекеттерден үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып, елдегі волотерлік ұйымдардың жұмысымен танысты.
Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
- Қазақстан тарапының қаржыландырумен 2020 жылдан бастап Қазақстанның азаматтары Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасы бойынша басқа елдерде волонтер болып жұмыс істеп жатыр. Олар Түркияда, Африка елдерінде жұмыс істеуде. Бұл бағдарлама ары қарай жалғасады. Қазақстан 7 адамды басқа елдерде көмек көрсе үшін ерікті ретінде жібереді.
Тапива Камуруко, БҰҰ волонтерлер бағдарламасының консультациялық қызметтер секциясының басшысы:
- Қазақстан азаматтары шетелде волонтер ретінде көмек көрсеткісі келсе, ел Үкіметі бұған қолдау көрсетеді. Бұның өзі Қазақстанның еріктілер қозғалысы халықаралық деңгейге шыққанының дәлелі. Бұдан бөлек, Қазақстанда үздік волонтерлерге арнайы сыйлық қарастырылған. Осының өзі ел Үкіметінің бұл салаға үлкен мән беретінінін көрсетеді.