Астанада полиция мен волонтерлер рейдке шықты
«Жастар рухы» жастар қанатының бір топ еріктілері полицейлермен бірге рейд өткізді.
Белсенділер вандализм, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында жастар көп баратын компьютерлік клубтар мен демалыс орындары тексерілді.
Мағзұм Арыстанбек, Астана қаласы бойынша «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
- Жастар Рухы жастар қанаты ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып осы республика бойынша рейд жұмыстарын жүргізуде. Яғни әр өңір жергілікті департамент полиция өкілдерімен бірлесе отырып профилактика жұмыстарын, рейд жұмыстарын өткізуде.
Қайрат Тілепов, Алматы аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы:
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмысты болдырмауға учаскелік полиция инспекторлары аралауға шықты. Мұнда біздің басты мақсат көп қабатты тұрғын үйлерді аралап тұрғындарда қандай да бір проблемалық сұрақтар болып жатса соны жазып құзыретті органдарға жіберу. Тағы да қайталап айтам біздің басты мақсат қылмысты болдырмау, қылмыстың алдын алу.