Ақтөбедегі әскери институттың авиациялық паркі жаңарды
Ақтөбедегі Кеңес Одағының 2 мәрте Батыры Талғат Бигельдинов атындағы әскери институттың авиациялық паркі чехиялық ұшақтармен толықты.
L-410 әуе кемесі 1 мың шақырымдық қашықтықты 380 км/сағ жылдамдықпен ұшып өте алады. Бұл борт 19 адамды немесе 1 тоннаға жететін жүкті тасымалдауға арналған. Тағы ұшақ кез келген жерде қона алады. Яғни, сарбаздарды діттеген орынға уақытылы жеткізуде қиындық туындамайды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, авиациялық парктің жаңа әуе кемелерімен толығуы болашақ ұшқыштардың жауынгерлік дайындығын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік береді.
Ержан Нілдібаев, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары:
- Біздің курсанттар жаңа, заманауи технологиялармен жабдықталған ұшаққа қол жеткізді. Бұл әскери ұшқыштарды даярлау ісіндегі жақсы жаңалық. Енді біз келер жылы осындай типтегі тағы 4 әуе кемесін аламыз деп жоспарлап отырмыз.