Ақтөбе облысындағы ауылдар газ желісіне қосылады

Осы Ақтөбе облысында Құмқұдық ауылын газдандыруға қатысты мәселе шешілетін болды.

Тұрғындардың көп жылдан бері айтып жүрген тілегін орындау үшін қазір елді мекенге көгілдір отын желісі тартылып жатыр. Ал ауылішілік жұмыс бүгінде толық аяқталған. Мұнда мыңнан астам адам тұрады. Құмқұдық шалғай жатқандықтан, қыс мезгілінде отын жинау да қиындай түсіпті. Қазір көмірдің тоннасы 30 мыңға жеткен. Енді ауылдықтардың өтініші орындалғалы тұр. Келер жылы Әйтеке би ауданындағы тағы екі ауыл газ желісіне қосылады. Бүгінде  өңірдегі 323 елді мекеннің шамамен 52 проценті көгілдір отынмен қамтылған.

Еленай Әмитова, Құмқұдық ауылының әкімі:

- Елдің жағдайын жасау, тіршілігін жеңілдету мақсатында 2020 жылы бюджеттен 2 млрд 800 млн теңге қаражат бөлініп, ауылға дейін газ тарту жұмыстары басталды. Алдағы айда халықтың игілігіне береміз деп дайындалып жатырмыз. Жалпы, 205 үйден 70 үй монтаж жұмыстарын жасап, қазір қосылуға дайын тұр.