Каспий теңізін зерттеу бойынша ғылыми орталық құрылады
Қазақстанда жыл соңына дейін Каспий теңізін зерттеу бойынша ғылыми орталық құрылады.
Бұл туралы Каспий жағалауы мемлекеттері Сыртқы саясат басшыларының кездесуінде айтылды. Басқосуда Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан өкілдері бой көрсетті. Ал еліміздің атынан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысты. Қазақстан тарапы Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясның хатшылығын құру керектігін атап өтті. Жағалаудағы мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын нығайтуды қажеттігін де жеткізді.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
- Еуразия құрлығын энергетикалық қауіпсіздікпен және көлік дәлізімен қамтамасыз етуде біздің рөліміз ерекше. Қазақстан өзінің көлік инфрақұрылымын жетілдіруді жалғастырып жатыр. Оның ішінде Ақтау ме Құрық порттары бар. 2022-ші жылы екі порт арқылы жүк тасымалы 2,5 есе артып, 1,5 миллиард тоннаға жетті. Бұл 2030-шы жылға таман осы дәліз арқылы тауар тасымалын 500 мың контейнерге дейін ұлғайтуды жоспарлауға көмектеседі.
Кездесу аясында Мұрат Нұртілеу Иранның Сыртқы істер министрімен келіссөз өткізді. Тараптар екіжақты қарым-қатынас пен халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян Қазақстанның аймақтық қақтығыстарды шешудегі белсенділігі үшін алғысын білдірді.