Биыл Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл

«Әлемді әнмен тербеткен ұлы дала дүлдүлі». Биыл қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл.

Осыған орай Алматыдағы орталық музейде көрме ашылды. Мұнда әншіге тиесілі 30-ға жуық жәдігер бар.  Оның көбін туыстары әкеліп өткізген. Келушілер әсіресе, оның түпнұсқа күйінде сақталған жеке құжаттары мен домбырасына қызығушылық танытты. Мәселен, мына айнаны Францияға сапары кезінде сатып алған екен. Әміре Қашаубаев шетелде ән салған алғашқы қазақ. 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде  «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Смет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырды. Көрменің ашылуында дәстүрлі әншілер Әміренің өзі сүйіп айтқан шығармаларын орындап берді.

Арайлы Балаева, мемлекеттік орталық музейдің этнология бөлімінің қызметкері:

- Сол кезде алып жүрген домбырасы , чемоданы сол кездегі Мәдениет министрлігі  бұйрығымен шығарылған пластинкасы мұрағаттық материалдар негізінде құралып отыр. 1301 Сонымен қатар, Әміре Қашаубаевтың өзінің жеке сол Москваға барған кезінде, Парижге барған кезінде оны сыртқа шығаруға арналған загран паспорттары шетелге шығатын құжаттары сақталған.