103 жүкті әйел қызылша дертін жұқтырды

Қызылша тек балалар ғана емес, ересектер арасында да дендеп тұр.

Әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті. Бүгінге дейін 103 аяғы ауыр әйел індетке шалдыққан. Қазір олардың жағдайы орташа деңгейде. Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова осылай деді. Науқастар дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған.

Әйгерім Оспанова – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департаменті директорының орынбасары:

- Жансақтау бөлімінде жатқан жүкті әйелдер жоқ. Қазіргі күні әр күн сайын таңертең, кешке біздің осы министрліктің департаменті мониторинг жүргізеді. Егер қажет болған жағдайда республикалық мамандар оларға консультация береді. Сонымен қатар бүгінгі күнде жүкті әйелдеріміздің жағдайы орташа.