ШҚО-да көшеттер қурап қалды
Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылықтарында отырғызылған қарағай көшеттерінің жартысына жуығы жерсінбепті.
Табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында сапасыз тұқым пайдаланылғаны анықталды. Сонымен қатар орман алқаптарын дайындау, көшеттерді күтіп-баптау технологиялары да мүлде сақталмаған. Соның салдарынан 13 миллион дана көшет жарамсыз болып шықты. Прокурорлар, сонымен қатар, Өскемен, Глубоков, Риддер және Алтай орманшылықтарында заңсыз ағаш кесудің 48 дерегін тіркеді. Бұған жол берген жауапты қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.