39 ауыл сапалы ауызсумен қамтылады
Қостанай облысында жыл соңына дейін 39 елді мекенге сапалы ауызсу жеткізу жоспарланып отыр.
Жалпы 2023 жылы өңірде 69 коммуналдық жобаны жүзеге асыру көзделген еді. Соның биыл жартысы іске қосылады. Ресми дерекке сүйенсек, 13 елді мекен алғашқы рет орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Одан бөлек 15 ауылда суды тазарту, тарату пункті орнатылады. Осының арқасында сапалы ауызсумен қамтылатын ауыл тұрғындарының саны біршама артпақ. «Нақты айтсақ бұл көрсеткіш 86,6 процентке жетеді. Ал келер жылға жоспар одан да асып түсу», –дейді сала басшылары.
Азамат Нариман, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
-2024 жылы елді мекендерді таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады. 34 жобаға республикалық бюджеттен 12.6 миллиард тенге бөлу жөніндегі біздің сұраным бастапқы кезеңде қолдау тапты. Егер 2024 жылы белгіленген барлық нысандарды іске қоссақ, қала тұрғындарының 99 проценті, ауыл жұртының 90 проценті сапалы ауызсумен қамтылады.