Бала құқығын қорғауға қатысты заң мақұлданды
Қазақстандықтар бала құқығына қатысты шағымдармен тікелей Біріккен Ұлттар Ұйымына жүгіне алады.
Бүгін Сенатта осы ұйымның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау» жөніндегі заң мақұлданды. Алдағы уақытта істі қараған ұйым өкілдері мәселені шешу үшін елге ұсыныстар жолдайды. Жалпы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің дерегінше биыл елде 25 бүлдіршін кісі қолынан көз жұмған. Сондықтан елде жазаны қатаңдату да ұсынылып отыр. «Ал бүгін мақұлданған заң бала құқығына қатысты жауапкершілікті күшейтуге бағытталған», - дейді депутат.
Талғат Жүнісов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Қаралап отырған хаттамаға сәйкес, егер балалар немесе олардың өкілдері Қазақстандағы барлық деңгейдегі соттармен қаралып, шыққан шешіммен келіспесе, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды бір жыл ішінде бере алады.
Еділ Оспан, ҚР оқу-ағарту вице-министрі:
-Бұл бізге не береді? Бұл бізге ҚР еліміздің балалар құқығын қорғау саласындағы барлық халықаралық стандарттарға ұмтылысын, ниетін, балалар құқығын бірінші орынға қойып отырғанын көрсетеді. Екіншіден, біздің мемлекеттік органдарымызға да осындай жағдайларды халықаралық балалардың құқықтарын бұзу жағдайларын халықаралық деңгейге жеткізбес үшін тиісті шаралар қабылдауды міндеттейді.