Корпоративтік басқаруға басымдық беріледі

Елде корпоративтік басқару жүйесі бұрыннан енгізілгенімен, соңғы 10 жылда оның дамуына дұрыс көңіл бөлінбей келеді.

Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі елордада өткен форумда осылай дейді. Арман Бердалиннің айтуынша, қазір жүйе жаңарды. Сәйкесінше проблема көбейді. Ал оны шешу үшін ауқымды форумдар өткізіп, сарапшыларға арнайы алаң ұйымдастырылып отыруы керек.

Арман Бердалин, Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі:

- Қазақстанда корпоративтік басқару жүйесі бұрыннан енгізілген. Енді мұны қолға алу қажет. Себебі сапалы корпоративтік басқару арқылы елге инвестиция тартып, экономиканы дамытуға болады. Қазір Мемлекет басшысы да осыған баса назар аударып отыр. Сол себепті осындай жиындарды жиі ұйымдастырып тұру маңызды.