Сотталғандарға қысым көрсеткендер жауапқа тартылды
Жыл басталғалы елімізде сотталғандарға қысым көрсетті деген айыппен күштік құрылымның 40 қызметкері жауапқа тартылған.
Олардың 12-сі қазір түрмеде отыр. Жазасын өтеушілердің құқығын қорғау бойынша елімізде арнайы Заң бар. Себебі зайырлы мемлекетте қатыгездіктің барлық түріне қатаң тыйым салынады. Адам құқықтары саласындағы реформалар бүгін халықаралық ғылыми-конференцияға арқау болды. Атқарылған іс аз емес. «Бұған елімізде омбудсмендердің құзыреті кеңейіп, Конституциялық соттың құрылуы дәлел», -дейді жиылғандар.
Салтанат Тұрсынбекова, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы:
-Штаттық бірлігі 12 адам болатын. Ал қазір 105 адамға жетті. Барлық 20 өңірде арнайы өкілдіктер ашылды. Халықтың кеңінен осындай уәкілдің бар екенін, оған шағымдануға болады екенін, саяси реформаның бір үлкен әсері халықтың үнін-мұңын сол жаққа барып естидік. 9 айдың ішінде 5 мыңға жуық шағым-арыз түсті.