Қазақстандық дәрігерлер жастардың репродуктивті денсаулығына алаңдаулы
Қазақстандық акушер-гинекологтар жастардың репродуктивті денсаулығына алаңдаулы.
Бұл туралы Астанада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. 300-ден астам ғалым мен дәрігер қатысқан салалық жиында, орта білім мекемелерінде акушер-гинекологтардың профилактикалық тексерісін ұйымдастыру ұсынылды. Сондай-ақ, дәрігерлердің пікірінше, әрбір медициналық ұйымда, балалар гинекологының қабылдауын қосу қажет. Жиында бұдан бөлек ре-продуктивті денсаулықты сақтаудағы инновациялық технологиялар талқыланды. Сонымен бірге, сала мамандары әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына, тарифті қайта қарау ұсынылды.
Гүлназ Досмырзаева, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі жастарда экстрагенеталды патологиялар өте көп. Сондықтан сол патологияларды алдын алып, жастар дүниеге бала алып келуі үшін, дені сау бала әкелуі үшін біз осындай конференцияның арқасында мамандардың біліктіліктерін жоғарылатып жастарға, біздің халқымызға денсаулығын жақсартуға көмек көрсетеді.