БҚО-ның Тасқала ауданындағы балабақша карантинге жабылды
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы балабақша карантинге жабылды.
Оған бүлдіршіндер арасында қызамық дертінің таралуы себеп. Індет науқастан сау адамға ауа арқылы жұғады. Балабақшада алты бала ауырған. Қазір стационарлық емдеудегі 4 баланың жағдайы орташа, біреуі жансақтау бөлімінде. Ал 4 жастағы бүлдіршінге дәрігерлер көмектесе алмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Балдырғанның нақты неден көз жұмғаны бір аптадан соң белгілі болмақ. Жалпы жыл басынан бері облыста қызамыққа шалдыққан 347 науқас инфекциялық ауруханада ем алған.
Ерлан Тоқсанов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- 4-і күні дәрігерге жүгінгенде дәрігер қандай дәрі ішу керек, қандай сұйықтық ішу керек, бәрін көрсетіп береді. Бірақ оған қарамай жағдайы нашарлап, 5-і күні кешкісін сағат 22:00-дарда түседі де, 5 сағаттың ішінде жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтайды. Қайтыс болғасын диагноз скарлатина, өкпе қабынуы, миокардит сондай диагноз қойылды.