Ақтөбеде хостелдер тексеріліп жатыр

Өрт сөндірушілер кәсіп иелеріне қауіпсіздік шараларын ескертіп, оқыс оқиға болғанда атқарылатын іс-әрекеттерді түсіндірді.

Қазір облыс орталығында мұндай қонақ күтетін 15 нысан бар. Олар қауіпсіздікке бейжай қарайды, дейді төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері. Жыл басынын бері аймақта 490 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тапқан. Бірақ соңғы 5 жылда хостелдерде от шығу дерегі тіркелмеген.

Айбат Жаңабергенов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Профилактикалық іс-шара барысында бірталай кемшіліктер анықталып отыр. Мысалы айтар болсақ, эвакуациялық шығу есіктерінің дұрыс орналаспауы және де алғашқы өрт сөндіру құралдарының толық көлемде болмауы, сонымен қатар мына өрт-дабыл сигнализациясының қосылмай тұрғаны анықталып отыр. Бұл біз кемшіліктер бойынша барлығын қарап болғаннан кейін ұсыныс ретінде хостел, болмаса жатақхана иелеріне тапсыратын боламыз.