«Хабар» арнасында «Қимылдама» телехикаясы көрермен назарына ұсынылмақ

Алдағы дүйсенбіден бастап «Хабар» арнасында «Қимылдама» телехикаясы көрермен назарына ұсынылмақ.

Драма, детектив, комедия жанрын қамтитын бұл сериал 15 бөлімнен тұрады. Туынды Бауыржан есімді инстаграмм желісінде пранк, эксперимент түсіретін жігіт жайлы. Кейіпкер кезекті бір түсірілмдерінде полиция киімін киіп өз әдетінше пранк түсіріп жүріп, шынайы қылмыс оқиғасына тап болады. Күтпеген жерден қылмыстың алдын алып полиция қатарына шақыру алады. Блогер болып бастап, ойламаған жерден шең таққан Бауыржан жайлы шытырманға толы телехикаяны 11 күні 21:45-те «Хабар» арнасынан көре аласыздар.

Дүйсен Қалымжанов, «Қимылдама» сериялының бас продсері:

- Ең басты жалпы негізгі ой бұл сериялда әділдік пе? әлде абырой ма? Бұл сұрақты кез келген адамға қойса болады. Әділет және абырой бұл сұрақ біздің кейіпкерге де қойылған болатын. Ал оның жауабын ойың сериал барысында білетін боласыздар. Жалпы біз ол сериалға 2 жарым ай дайындалдық, шамамен 60 күндей дайындық болды, ал түсірілім барысы 45 күнге созылды.