Екібастұз жылу электр станциясындағы олқылық түзетілді
Екібастұзда жылу электр станциясының күл құбырындағы олқылық жойылды.
Түнде су жылыту қазандықтарының сорғысы істен шыққан еді. Энергетиктер мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының күшімен қазандықтағы суды сору жұмыстары толық аяқталды. Алдағы сағаттарда багерлік сорғы іске қосылып, су жылыту қазандықтары толық іске қосылады, деп хабарлады жауапты мамандар. Техникалық ақау станцияның жұмысына әсер етпеген. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр.