Алматы қаласы ТЖД басқарма басшысы жемқорлық үшін сотталды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы жемқорлық үшін сотталды.

Алмат Жаныспаев кәсіпкерден «Қамқорлығы үшін» 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот отырысы 8 желтоқсанда өтті. Азаматтық қорғау подполковнигінің ісін Қостанай қаласының №2 соты қарап, 5 жылға үкім кесті. Ол арнаулы атағынан және мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.