Сенаторлар: Су ресурстарын тиімді пайдалану керек
Су ресурстарын тиімді пайдалану керек.
Сенат депутаты Әли Бектаевтың төрағалығымен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Атап айтқанда, Жайық және Ертіс өзендерінің суын оңтайлы қолдану туралы жан-жақты әңгіме болды. Жиында Су шаруашылығы және ирригация министрінің орынбасары Нұрлан Алдамжаров есеп берді. Шараға ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрлерінің орынбасарлары, өнеркәсіп және құрылыс, ғылым және жоғары білім, сыртқы істер және көлік министрліктерінің өкілдері, облыс әкімдіктерінің басшылығы мен сарапшылар қатысты.
Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл отырысқа сол саланың жауапты қызметкерлері мен профильдік комитет пен министрлік өкілдері қатысып, өздерінің түсініктемелерін беріп, ұсынымдар дайындалып жатыр. Негізі бұл мәселе мемлекет басшымыздың Қазақстан Халқына жолдауында да көтеріліп, соңғы кезде қоғамда өте қызу талқыланып келе жатқан мәселе.