ШҚО-да балықшылардың құралдары тексерілді
Шығыс Қазақстан облысындағы балықшылар мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін ескере бермейді.
Осыған байланысты құтқарушылар рейдке шығып, олардың құрал-жабдықтарын тексерді. Бұл жолы Ұлан ауданындағы барлық су қоймалсына мониторинг жүргізілді. Мамандардың айтуынша, қыста балықшылардың қолында құтқару жейдесі, арқан, ысқырық сияқты құралдар болуы шарт. Тиісті инвентарь болмаса, 20 мың теңге айыппұл салынады. Мұндай түсіндіру жұмыстары қысқы балық аулау науқаны барысында үздіксіз жүргізілмек.
Николай Мух, балықшы:
- Қауіпсіздік ережелеріне мән беремін, әрине. Қолымда арқан, құтқару жейдесі бар. Бұл құралдарсыз балыққа шықпаймын.
Ерасыл Қадырбеков, Ұлан аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы:
- Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мұздың бетіне шығу үшін мұздың қалыңдығы кем дегенде 25 сантиметр болу керек және де құтқару жилеті, сықырғыш, телефнон сқатауға су өткізбейтін пакет, кем дегенде 12 метр арқан және екі метр таяқ болу керек. Өздеріңізбен бірге құтқару шильцасы болу керек. Мұз айдынына жеңіл көлікпен шығу үшін мұздың қалыңдығы кем дегенде 30 сантиметр болу керек.