Қарағандыда келер жылдан бастап жылу ақысы көтеріледі
Коммуналдық компания тарифті 15 процентке арттыру жөнінде өтініш берген.
Дегенмен табиғи монополияларды реттеу департаменті 10 процентке рұқсат берді. Ал түскен пайда тозған құбырларды жаңғыртуға бағытталады. Оны жөнге келтіру үшін шамамен 4 жарым миллиард теңге қажет. Осылайша 3,8 миллиард теңгені тарифті өсіру арқылы түгендеп алу көзделеді.
Қымбат Бейсенов, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
- Орташа есеппен халыққа 10 пайыз болады. Өздеріңіз білесіздер табиғи монополиялар субъектілері 5 жылдық тариф деп атаймыз. Сол 5 жылдық тарифпен жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан бізде 2018,2019 шы жылғы тарифтер. Кезең-кезеңмен өздерінің көтерілетін тарифтері бар.