Сары аяз Алматыға жетті
Сақылдаған сары аяз Алматыға жетті.
Бүгін-ертең 9-шы сыныпқа дейінгі оқушылар сабаққа бармайды. Қашықтан оқиды.
Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы хабарлады. Онлайн-формат екі күн сәрсенбі-бейсенбі күндеріне жалғасады. Қазгидрометтің хабарлауынша, қалада 25 градусқа дейін аяз болады. Айта кетейік, астаналық оқушылар да екі күн сабаққа барған жоқ. Бүгін де үйден оқиды.
Түркістан облысында аяз бен боран салдарынан республикалық және облыс-аралық жолдар жабылды. Құтқарушылар мен полициия қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Жолда адасып қалған бірнеше жолаушы құтқарылды.