Елде 2024 жылы 3,9 млн адам декларация тапсырады
Келер жылдан бастап 4 млнға жуық адам декларация тапсырады.
Бірінші кезекте заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен жұбайлары міндеттеледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында айтты. Декларацияны тұрғылықты жері бойынша 2024 жылдың 15-қыркүйегіне дейін «Салық төлеушінің кабинеті», электронды үкіметтің веб-порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. 2025 жылы зейнеткерлерге, студенттерге, үй шаруасындағы адамдар мен жеке құрылым қызметкерлеріне кезек келеді. Сөйтіп шамамен 6,5 млн адам қамтылады.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
- Жеке азамат декларация тапсырар алдында барлық мәлімет келіп түседі. Егер жеке тұлға айтса, бұл мәлімет ескі немесе дұрыс емес десе, оны алып тастауға мүмкіншілігі бар. Бізде автоматты түрде 80 елмен ақпарат алмасамыз. Бірінші ақпаратты биыл алдық. Сол ақпаратты өңдеу арқасында бүгінде 568 азаматқа хабарлама жіберіп, 3 млрд-тай соманы бюджетке өндіріп алдық жеке азаматтардан.